Жазғы сауықтыру лагеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері
- Лагерь аумағында өрт сөндіргіш құралдар (ұнтақты сөндіргіш, құм, су) жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.
- Өрт дабылы жүйелері және эвакуациялық жоспарлар ғимарат ішінде орнатылып, көрінетін жерде тұруы керек.
- Электр сымдары мен құрылғылар техникалық талаптарға сай болуы тиіс.
Отпен жұмыс істеу:
- Ашық отты, мангал, от жағу тек арнайы рұқсат етілген орындарда және жауапты тұлғаның бақылауымен жүргізіледі.
- Балаларға сіріңке, оттық, пиротехника қолдануға қатаң тыйым салынады.
Эвакуация:
- Әр ғимаратта "қауіпсіз эвакуация жолдары" белгіленген және бос болуы тиіс.
- Маусым сайын "эвакуациялық оқу-жаттығу" өткізілуі қажет.
Түсіндіру жұмыстары:
- Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері ойын, сабақ, көрініс түрінде үйрету қажет.
- «101» және «112» нөмірлерін жаттап алуға мән беру керек.
Балаларға арналған ережелер:
- Сіріңке мен оттық – ойыншық емес!
- Электр құралдарын өз бетіңмен қоспа!
- Өрт көрсең, бірден тәрбиешіге хабарла!
- «101» немесе «112» нөмірін жаттап ал!
- От шыққанда тығылма, тез арада сыртқа шық!
Тәрбиешілер мен қызметкерлерге:
- Эвакуация жолдарын бос ұстаңыз;
- Балаларға үнемі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз;
- Электр құрылғыларын тексеріп отырыңыз;
- Өрт сөндіргіш құралдарының жарамдылығын қадағалаңыз
Сырдария аудандық ТЖБ