Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі

Мерекелік іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі


Қыс айларында мерекелік күндер көп екендігі баршамызға мәлім. Мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда халық көп шоғырланатыны және адам өзінің қырағылығын жоғалтатыны рас. Соның салдары өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптары сақталмай арты қайғылы жағдайларға әкеліп соғады. Естеріңізге салатын жайт: адамдардың көп шоғырланған орындарында жанғыш құрамды заттарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.
Адамдардың көп шоғырланған орындарында, жаңа жылдық мерекелерді жүргізу және ұйымдастыру кезіндегі шаралар:
1. 2 қабаттан жоғары орналасқан ғимаратта жанатын жабылғылар мен терезе торларының болмауы, бөлмеден екі шығу жолынан кем емес эвакуациялық жолдардың болуы
2. Шыршаны құрған кезде, негізгі шыршаның бұтақтары қабырғаға және төбеге тиіп тұрмауы және ғимараттан адамдардың шығуына кедергі жасамауы қажет;
3. Электр жарықтандырғыш желісін қолданған кездегі, 12 Вт шамдар қолданылуы мүмкін, шамдардың қуаттылығы 25 Вт дейін рұқсат етіледі; 4. Жарықпен әсемделген шыршада (сымдардың қызуы, шамдардың жарқылдауы) ұшқын пайда болғанда тез арада тоқтан ажырату керек;
5. Іс-шараны өткізу кезінде ғимаратта өртке қарсы жауапты тұлғалармен кезекшілікті ұйымдастыру. Шара жүргізілетін бөлме алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек.
Рұқсат берілмейді:
– Шара өткізілетін бөлменің терезелері торлармен жабық болуына;
– Доғал қуатты жарық түсіретін құрал, от шашу және басқа да түрлі-түсті өрт қауіпті құралдарды қолдануға; – Шыршаны целлюлозадан жасалған ойыншықтармен сондай-ақ дәке мақтамен әшекейлеуге,
– Бөлмелерді қараңғылауға;

– Қатар арасындағы шығу жолының енін кішірейтуге және шығу жолдарына орындық қосымша қоюға;
– Бөлмеге нормадан артық адамдарды кіргізуге: Жанғыш құрамды заттарды тұрғындарға арнайы еркін сатқанда қалай қолдануы керектігі бойынша нұсқауы ұсынылып көрсетілуі қажет. Көрсетілген ақпарат мемлекеттік және орыс тілінде жақсы көрінетін баспа әріптермен көрсетілуі керек.
Мереке күндері сіздерге қайғылы жағдай әкелмес үшін, жанғыш құрамды заттарды пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігінің шараларын қатаң сақтаңыздар.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып жағдайды мекенжайын асықпай толық айтуы тиіс.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде сенім телефоны 8/72436/21-4-94 жұмыс жасайды.
Р.Беркимбаев,
Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны
23 желтоқсан 2018 ж. 1 902 0