Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария аудандық паллиативті медициналық көмек көрсету және оңалту бөлімшелерінің жұмысына мониторинг жүргізілді

Сырдария аудандық паллиативті медициналық көмек көрсету және оңалту бөлімшелерінің жұмысына мониторинг жүргізілді

"AMANAT" партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және аудандық мәслихат депутаттарымен паллиативті медициналық көмек көрсету және оңалту бөлімшелерінің жұмысымен танысып, мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Аталған бөлімше ғимараты өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. «Пульс» ЖШС күрделі жөндеу жүргізіп, материалдық базасы жетілдірілді, заманауи үлгідегі технологиялармен қамтылды. Арнайы медициналық құрал-жабдықтар алынып, білікті мамандар тартылды.

Мұнда ауыр хәлдегі және ұзақ уақыт бойы оңалтуды қажет ететін науқастарға тәулік бойы ем-шара жүргізіледі. Ол үшін барлық мүмкіндік қарастырылған, науқастар мезгілімен ем қабылдап, дәрігер бақылауында болады.

Қос бөлімшеде 5 дәрігер, 50-ге жуық орта және кіші буын қызметкер еңбек етеді. Сонымен қатар, логопед, психолог, массажист, емдік-дене шынықтыру мамандары жұмыс жасайды.

Айта кету керек, жаңа ғимараттың бір бөлігінде облыстық жедел жәрдем станциясына қарайтын аудандық бөлімше орналасқан.

12 маусым 2025 ж. 496 0