Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дертке дауа дарытқан ұжым

Дертке дауа дарытқан ұжым

Ел-халықтың игілігіне берілген кез келген жаңа нысанның сапалы жасалуына аса мән берілгенде – көпшілік үшін қолайлы орта қалыптасады. Жақында Тереңөзек кентінде пайдалануға берілген медициналық емдеу мекемесінің жұмысымен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев танысқан болатын. Шын мәнінде, облыс тұрғындарына есігін айқара ашқан жаңа нысанда қос бөлімше жұмыс жасайды. Оның ішінде, «Медициналық оңалту» бөлімшесінің ұжымы өз позициясын айқын ұстана отырып, дертке дауа дарытуда.

Білікті мамандар шоғыры қалыптасқан «Медициналық оңалту» бөлімшесінің меңгерушісі қызметінде дәрігер Салтанат Карбөзқызы екенін айта кетейік. Қазіргі уақытта бөлімшенің жұмысын үйлестіруде аға мейіргер Жанат Әнуарбекқызы асқан жауапкершілік танытуда. Негізінен, бөлімшеде 10 орынға арналған тәуліктік оңалту, 10 орынға арналған аурухана жанындағы күндізгі стационар қарастырылған. Сонымен бірге бөлімшеде физиотерапия, массажист, лфк инструктор, психолог, логопед, емшара мейіргері, ас таратушы, 5 пост мейіргері, 5 кіші буын қызметкері бар. Кәсіби тұрғыдан өз қызметіне немқұрайлылық танытпайтын логопед Бағдат Ырғызбайқызы мен Жандос Қалмаханұлы, психолог Назерке Тұрмағанбетқызы, физиотерапия мейіргері Жанат Мұратқызы, массаж маманы Ержан Мұратұлы, емдік дене шынықтыру маманы Арман Темірханұлы, ем-шара мейіргері Қаракөз Бержан, ас таратушы Зина Бердібекқызы емделушілер алғысына бөленуде.

Бүгінде «Медициналық оңалту» бөлімшесінде облыс бойынша бірнеше ауданның тұрғындары ем қабылдауда. Күнделікті орта буын және кіші қызметкерлері көпшілікке сапалы қызмет көрсетуде. Өз кезегінде Шымкент қаласының тұрғыны бөлімшеде сырқатына шипа дарытуда.
– Дертті болған жанның денсаулығын жақсартуда біздің мамандар жүктелген міндетті сапалы орындауға тырысады. Әрине, бөлімшеге барынша ұзақ оңалтуды қажет ететін жандар келеді. Бұл ретте, мамандар тарапынан науқастың жағдайына көңіл бөлу керектігі айтылады. Сауықтыру іс-шараларына аса мән беріп, уақытылы науқастардың ем қабылдауына ықпал етеміз. Санитарлық тазалықты басты назарда ұстаймыз, – дейді «Медициналық оңалту» бөлімшесінің меңгерушісі Салтанат Карбөзқызы.

Жаны құлазыған жандар дертінен айыға берсін демекпіз.

Сырдария аудандық ауруханасы
28 ақпан 2025 ж. 82 0