Табиғат жанашырлары марапатталды

Сонымен қатар, іс-шара барысында сала ардагерлеріне, қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі, Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының Алғысы табысталды.
Атап айтсақ, саналы ғұмырында Сыр өңірінің экология саласын жандандыруда зор үлесін қосқан ардақты ардагер Сейтенов Сексенғали Сақтағанұлы «Еңбек ардагері» төсбелгісі берілді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіби қызметінде белсенділік танытып, облысымыздың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өз үлестерін қосып келе жатқан Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің қызметкері Г.Үсербаеваға, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Р.Құрманбаевқа «Экология саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Құрмет» грамотасымен табиғат пайдаланушы мекеме өкілдері С.Сейсенбаев, К.Шалкибаев сондай-ақ, департамент қызметкерлері Б.Нұрмаханов, Р.Бекмырзаевқа және эколог-маман Д.Нурзадаева «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты сурет байқауының жеңімпаздарына департамент басшысының Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі