Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары тағайындалды

Негізінен, Медетбаев Қанат Егизбаевич 1986 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
1992 жылы №70 Жаңқожа батыр атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2003 жылы аталған білім ошағын үздік тәмамдаған.
2003-2009 жылдары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясы, педиатрия факультетін үздік аяқтаған.
2009-2010 жылдары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясы, балалар хирургиясы мамандығы бойынша интернатураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылдың тамыз айынан бастап, облыстық медицина орталығында балалар хирургі және эндоскопист қызметінен бастаған.
2017-2019 жылдары облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары, 2019-2025 жылдары «Нейрохирургия, травматология, ортопедия» бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2013 жылы Астана қаласы Ұлттық нейрохирургия орталығында «Нейрохирургия»мамандығы бойынша, 2016 жылы «Травматология, ортопедия, комбустиология», 2017 жылы «Денсаулық сақтау менеджменті»мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.
Жоғарғы санатты балалар хирургі, жоғары санатты балалар нейрохирургі, І ші санатты травматолог (ортопед, комбустиолог) дәрігері және денсаулық сақтау менеджері екенін айта кетейік.
2023-2024 жылдар «HISTES» Еуропалық университеттер қауымдастығы аккредиттеген денсаулық сақтау саласындағы MBA білім беру бағдарламасы, магистратура жұмысын қорғаған. Бірнеше мемлекетте тағылымдамадан өткен.
Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық кәсіподақ ұйымы, “AMANAT” партиясының бірнеше рет құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталған.