Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста «Жасөспірім» жедел профилактикалық шарасы өтуде

Облыста «Жасөспірім» жедел профилактикалық шарасы өтуде

Өңірімізде 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында “ЖАСӨСПІРІМ” жедел профилактикалық шарасы өтуде.
Шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер қылмысының алдын алу және оның профилактикасы. Соның ішінде білім беру мекемелерінің оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Профилактикалық шараның нәтижелерін облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов мәлімдеді.

- Іс-шараға қатысуға білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қоғамдық даму басқармаларына, жастар ресурстық орталығына және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа қатынас хаттар жолданып, қазіргі уақытта бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылуда. Іс-шараға барлығы 297 қызметкер жұмылдырылды, олардың 182-сі – ішкі істер органдарының қызметкері, 93-і – білім беру орындарынан, ал 22-сі – жергілікті атқарушы және өзге де органдардың өкілдері қатысты. Іс-шараның 4 күнінде кәмелетке толмағандарға қатысты барлығы 264 әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін барлығы 30 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды,- деді Рауан Қырымұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

16 сәуір 2025 ж. 114 0