Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасы өтті

“Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасы өтті

Аймақта 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында өткізілген “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Бұл шараның негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтау болды. Шараның қорытындысын облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов хабарлады.

– Облыс көлемінде өткізілген “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты барлығы 1231 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттамалар рәсімделді. Жасөспірімдерге қатысты анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтарға тоқталсам, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін барлығы 117 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелет жасқа толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдері профилактикалық есепке алынды. Барлығы 33 ата-ана тіркелді. Кәмелет жасқа толмағандар мен оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар өз жалғасын табуда,- деді Рауан Қырымұлы.



Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
14 мамыр 2025 ж. 390 0