Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық өндірушілерді қолдау – тұрақты дамудың кепілі

Отандық өндірушілерді қолдау – тұрақты дамудың кепілі

Аудан әкімі Берік Сәрменбавтың төрағалығымен отандық өндірушілерді дамыту мен қолдау шаралары жөнінде мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім басшылары және меншік түріне қарамастан мекеме басшылары қатысты.

Мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес аудандағы өндірістік әлеуетті арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің өзекті мәселелері талқыланды.

Аудан басшысы отандық өнімге сұранысты арттыру және жергілікті өндірушілерге басымдық берудің маңызын атап өтті.

– Отандық өнім өндірушілерді қолдау – экономиканың тұрақты дамуына тікелей септігін тигізеді. Бүгінгі таңда ауданымызда сапалы өнім шығарып отырған кәсіпкерлер бар. Енді сол кәсіпорындарды кеңейтуге, жаңа технологиялармен қамтамасыз етуге және өнімді нарықта таралуын арттыруға күш салуымыз қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 35,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 111,8 пайызға орындалды. Өңдеу өнеркәсібінде 5,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 38 пайызға артты.

Мәжіліс барысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатып, жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін қатаң тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 маусым 2025 ж. 244 0