Аудан әкімі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарды болдырмауға қатысты мәжіліс өткізді

Мәжілісте аудан басшысы балаларға саналы тәрбие беру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мәселелері бүгінгі таңда өзекті екенін атап өтті.
– Оқу жылындағы ІІ тоқсан аяқталып, қазір оқушылар кезекті демалыста. Олардың демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастырып, құқық бузышылыққа жол бермеу үшін күнделікті рейд жұмыстарын тұрақты жүргізуді қатаң тапсырған болатынмын. Бұл жұмыстарды күшейту қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Аудан басшысы әрбір бала үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі атқаруды ескертті. Бұдан бөлек, өскелең ұрпақ пен жастарға зиялы қауым өкілдерін тарта отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, «Аналар кеңесі», «Әкелер мектебі» мен ата-аналар комитетінің жұмысын жандандырып, бала тәрбиесіне тек ата-ана, мұғалім ғана емес, қоғам болып атсалысу керектігін тілге тиек етті. Жиын қорытындысында аудан әкімі сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі