Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » АУДАННЫҢ ҚҰРДАСТАРЫ

АУДАННЫҢ ҚҰРДАСТАРЫ


«Қарты бар үйдің – қазынасы бар», – дейді халық даналығы. Биылғы жылы торқалы 90 жасқа келіп отырған ақ жаулықты аналарымыз отбасының тілекшісі. Саялы алып бәйтеректей сүйегі асыл жандар ауданның құрдастары да.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төра­ғасы Хайролла Әбенұлы мен «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жанәлиева биыл тоқсанның төріне шыққан кент тұр­ғындары Ұлжан Алдабергенова мен Кирлыг Просковья Романовнаны ме­рейлі жас­ымен құттықтап, үйле­ріне барды. Қоғамдық ұйымдар тарапынан қамқорлық көріп, әрдайым назарда жүретін қарттар ардагерлер басшыларының келгеніне қуанып қалды.
– Жас күнімізде колхозда еңбек еттік. Екі қоғамның да куәсі болдық. Ауданмен құрдаспын. Қазіргі заман нағыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман. Ұл-қыздардың, немере-шөберелердің қы­зы­ғына бөленіп отырмын. Бізге көңіл бө­ліп, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға алғысымды білдіремін, – дейді Ұлжан Алдаберген­ова.
Қуғын-сүргін заманда Молдавиядан Қызылорда облысына жер аударылған Просковья Романовнаның қазақтарға құр­меті ерекше. Өйткені ата-анасымен бір­ге қаршадай қыз жергілікті халықтың қамқорлығын көп көрген.
– Орман шаруашылығы мекемесінде, наубайханада еңбек еттім. Тереңөзекте өмір сүргенімді мақтан тұтамын. Биыл ауданның 90 жылдық мерекесі. Мен үшін де бұл үлкен қуаныш. Ауданның құрдасымын, – дейді ол.
Асыл әжелерді құттықтап барған қо­ғамдық ұйымның басшылары қарт­тарға жылы көрпе, қазақы орамал тарту етті.

Шаhарбек НҰРСЕЙІТОВ
19 маусым 2018 ж. 1 154 0