Республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті

Қазылар алқасына мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абрахманов төрағалық етті. Құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, Мәдениет саласының үздігі, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, жырау Алмас Алматов, сондай-ақ айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мэлс Қосымбаев болды.
Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтай жүргізді.
Аламан айтыстың бас жүлдесі Сара Тоқтамысоваға бұйырды. I орын қызылордалық ақын Мейірбек Сұлтанханға, II орын Мұхтар Ниязовқа, ал III орын Абай облысынан келген Рүстем Қайыртай мен Қарағанды облысының ақыны Мақсат Ахановқа берілді.
Сондай-ақ, Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы) мен Бекарыс Шойбеков (Түркістан облысы) арнайы жүлдемен марапатталды.
Сөз додасының көрігін қыздырған Қарағанды облысының ақыны Дидар Қамиевке, Павлодар облысынан келген Аспанбек Шұғатайға, ақтөбелік Злиқа Наурызалина мен Нұрбол Жауынбаевқа, сондай-ақ Түркістан облысынан келген Нұрмахан Жақыпбекке 500 мың теңгеден сыйақы табысталды.