Іңкәрдкрия және Ақжарма ауылдарында есепті кездесулер өтті

Аудан басшысы кездесу барысында аймақ бойынша атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді атап көрсетті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда.
Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес 11 мың орындық Орталық стадион салынуда.
Сәуір айының басында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен көп салалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Қызылорда қаласында 20 млрд. теңгеге «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы І жартыжылдықта ел игілігіне пайдалануға беріледі. «Самұрық қазына траст» қорымен бірге құны
3 млрд 400 млн теңге болатын Үстел теннисі орталығы салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Биылғы Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында құны 3 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын жаңадан «Достық үйі» салынуда. Облыс орталығында құны 11 млрд теңгені құрайтын «Шығармашылық академиясы» ел игілігіне пайдалануға берілді. 14 млрд 700 млн теңгеге Тұңғыш Президенті паркі және 7 млрд 300 млн теңгеге қалалық демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Кездесулер барысында ауданда атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті. Мұнан соң тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын жеткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі