Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымды жобалардың құны жоғары

Ауқымды жобалардың құны жоғары

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың жақында жергілікті халықпен есепті кездесуі басталғаны белгілі. Осы аптада аудан басшысы Нағи Ілиясов, Шаған, Іңкәрдария, Ақжарма ауылының тұрғындарымен кездесті. Есепті кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Кездесу кезінде аудан басшысы жергілікті халыққа аймақ бойынша атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық саладағы біршама же­тістікті көрсетті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Биыл облыс аумағындағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұр­ғындарды электр энергиясымен қам­ту бағытында құны 11 млрд тең­геге 38 жоба жүзеге асы­­­­рылуда. Прези­ден­тіміздің тап­сыр­масына сәй­­­­кес, оңтүстік өңір­лерде элек­тр энер­­гиясының тап­шылығын болдырмау мақсатында жақында ғана Катар еліндегі іссапарда үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынатын болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 6 білім ордасы пайдалануға берілді. 4 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. Құны 8 млрд 400 млн теңге болатын дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты жақын күндері ашылады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Осы күні аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Аудан халқы 100 пайыз таза ауызсумен қамтылған. Соңғы 3 жылда 670 млн теңгеге Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді елді мекенінде ауызсу желісі жаңартылды. Сонымен қатар Тереңөзек кенті, Қалжан ахун, Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағамбетов және Н.Ілиясов елді мекенін газдандыру жобасы толық аяқталды. Құны 2,6 млрд теңгеге Шаған ауылын газдандыру жұмысы жүргізілуде.

Есепті кездесуде тұрғындар өз­дерінің ұсыныс-пікірлерін жет­кізді. Аудан басшысы барлық мәселе назарда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

«Тт» ақпарат

24 мамыр 2025 ж. 170 0