Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Кореялық студенттер Қызылордада тәжірибе алмасты

Кореялық студенттер Қызылордада тәжірибе алмасты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтында Сеул Ұлттық Ғылым және Технология университетінің студенттері тәжірбие алмасты, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Студенттер жасанды интеллект саласындағы зерттеу жобаларына қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Екі университеттің білім алушылары ғылым мен білім саласында бірқатар тақырыптар бойынша жұмыс істеді. Сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллекттің келешектегі даму бағыттарын талқылады.

“Біз тек академиялық білім мен тәжірибе ғана алмасып қоймай, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік алдық. Қазақстандағы білім беру жүйесі мен ғылыми зерттеулердің қарқынды дамығанын байқадым. Қорқыт ата университетіндегі жасанды интеллект және робототехника саласындағы зерттеулер ерекше қызық болды. Себебі бұл бағыттар біздің университетімізде де кеңінен зерттелуде”, - деді Со Бо Гиль.

Шетелдік студенттер Сыр елінің тарихи орындарына барып, қазақ елінің ұлттық құндылықтарымен жақыннан танысты. Сондай-ақ, жасанды интеллект институтының білім алушыларымен дәстүрлі корей мерекесі – Соллаль жаңа жылын атап өтті.

Оқу орнының басты мақсаты – студенттер мен оқытушыларға жоғары сапалы білім беру ғана емес, сонымен қатар оларды әлемдік ғылым мен технологиялар саласында жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға бағыттау.

Алдағы уақытта да шетелдік оқу орындарымен ортақ жобалар мен зерттеулер жүргізіп, ғылыми ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарлануда.
27 қаңтар 2025 ж. 199 0