Соңғы қоңырау қалай өтеді?

– 2024-2025 оқу жылында жалпы қала бойынша 3895 оқушы 11-ші сыныпты бітіреді. Оның ішінде 273 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 408 оқушы үздік аттестаттан үмітті болып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы оқу күні 23 мамырда өтеді. Барлық мектепте «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылады. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келуіне байланысты 11-ші сынып түлектері үшін салтанатты шара қала көлемінде бір мезетте 23 мамыр күні сағат 09.00-де мектеп қабырғасында немесе мектеп ауласында «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өтеді, – деді Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Қанат Әлібекұлы.
Білім бөлімі бас мамамының айтуынша, 11-ші сынып түлектері үшін ұйымдастырылатын салтанатты шарада қаржы талап ететін безендірулер, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, студияларды тартуға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, автокөліктермен кортеджге, экскурссияға шығуға, табиғат аясына серуендеуге, өзен-көлдерге, шағын су алаптарына суға түсуіне болмайды. Аталған мәселелер бойынша мектеп ұжымына, ата-аналарға, оқушыларға ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек 23 мамыр күні мектеп ұжымынан жасақталған рейдтік топтар қалалық паркте, жағажайларда, түнгі клубтарда, ойын-сауық орталықтары мен мейрамханаларда аралау жұмыстарын жүргізеді.
Фото: Нұрболат Нұржаубай