Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Құны кетпес жәдігер

Құны кетпес жәдігер

«Руханият орталығында» орна­ласқан аудандық тарихи-өлкетану музейінде жеңіс сарбаздарының құнды деректері мен медальдары, тұтынған заттары сақталған. Бүгінде жергілікті халық сала мамандарымен байланыс орнатып, майдан даласында ерлік көрсеткен әкесінің, атасының жәдіргерлерін тапсыруды мақсат тұтқан.

Өз кезегінде Жеңістің 80 жылдығы мерекесінде майдангер Сүйеубай Тасқынбаевтың соғыс даласында тұтынған тамақ ішуге арналған құтысын, яғни тостағанын ұрпағы Рүстем Тасқынбаев аудандық музейге табыстады.

Құнды жәдігер өткеннен сыр шертеді. Соңғы 80 жылда сақталған тамақ ішуге арналған тостаған алюминий металынан жасалған. Зұлматты соғыстың бел ортасынан табылған майдангер еш уақытта өзіне қажетті дүниелерді жанынан тастамаған.

Негізінен, Сүйеубай Тасқынбаев 1915 жылы дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа аттанып, майданда 4 жыл жау­мен арпалысқан. Елге оралғаннан кейін жауынгер бақташылық жұмысты кәсіп етеді. Мал шаруашылығы сала­сының қыр-сырын меңгеріп, елдің сыйлысына айналады.

– Кеудесін оққа тосқан жаужүрек батырларымыздың ұрпақтары үнемі аудандық тарихи-өлкетану му­зейіне ата-бабасының тұтынған дүниесін әкеледі. Біздің даңқты батыр­лары­мыздың есімін жаңғыртып, келер ұрпаққа кеңінен дәріптеу – басты парызымыз саналады. Өз кезегінде Қалжан ахун ауылының тұрғыны Рүстем Тасқынбаев берген құты музей төрінен орын алатын болады. Әрбір перзент әкесінің тұтынған заттарын өзіне мирас тұтса – өнегелік қасиеті зор, – дейді аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Салтанат Қуандықова.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

10 мамыр 2025 ж. 120 0