Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жаңа музейге – жаңа жәдігер

Жаңа музейге – жаңа жәдігер

«Жаңа музейге – жаңа жәдігер» акциясы аясында еңбек ардагері Тәрбие Қожамұратқызының тұтынған тұрмыстық заттарын ұлы Жылқыайдар Бәйімбетов музей қорына тапсырды.

Тәрбие Қожамұратқызы 1916 жылы дүниеге келген. Соғыс жылдарында шаруашылықта қызмет етіп жүріп, майдангерлерге шұлық, қолғап тоқып өз көмегін көрсеткен. Бәйімбетұлы Мырзабаймен отау құрып, «Қызылдихан» шаруа қожалығында аспазшы, дихан болып жұмыс істеген. «Күміс алқа» иегері.

Кебеже –ескі мұралардың бірі, ас, азық –түлік сақтауға арналған үй жиһазы. Кебежеде салмақты заттар сақталатын болғандықтан, түбі қалың тақтайдан жасалған. Оның сыртқы пішіні сандыққа ұқсағанымен, жасалу тәсілі өзгеше. Кебеже аяқтары оның қабырғаларын, қақпағын, түбін біріктіріп тұратын негізгі арқау сияқты жасалған. Кебеже қақпағы жартылай ашылады. Ашылмайтын бөлігі жақтауларына шегемен бекітілген. Қызыл, ақ түсті қынамен боялған.

Сандықша – әр түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған тұрмыста қолданылатын жиһаздардың бірі. Бұл сандықшаға жүзік, сырға, білезік сияқты ұсақ бұйымдары мен боянатын опа заттарын салатын болған.

Сондай-ақ, құнды жәдігерлердің қатарында шамамен ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында қолдан жасалған көсеу, табалар, қырғыш музей қорына тапсырылды.


26 наурыз 2025 ж. 89 0