Ұлы жеңіс – ұрпаққа аян
Бүгін «Тағзым» алаңында 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шара өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, ҰОС соғысының ардагері, ауданнның Құрметті азаматы Яхия Тасыров, тыл ардагері Рақымжан Бәйменов, ауған соғысының, Семей полигонының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысып, соғыста қаза тапқан боздақтардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиында майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағыштады.
Мерекелік жиында аудан әкімі Берік Сәрменбаев жұртшылықты өшпес ерлік пен қаһармандықтың мерекесі – Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтады.
Отанды қорғау үшін біздің ауданымыздан 3 мыңға жуық азамат аттанып, жартысынан көбі туған жерге оралмады. Елге Жеңіс туын желбіретіп келген майдангерлер еліміздің дамуына өз үлестерін қосты. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде ауданымызда Ұлы Отан соғысының майдангер ардагері Яхия Тасыров атамыз ғана ортамызда жүр. Ғасыр жасаған құрметті қарияға тағзым етіп, ерлігіне бас иіп, зор құрметпен қараймыз – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
Тағзым алаңына жиналған аудан тұрғындары мен қонақтары мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, жергілікті өнерпаздардың арнау-өлеңдерін тыңдады.