Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медбике болуға әріптестері қызығушылын оятқан

Медбике болуға әріптестері қызығушылын оятқан

Отбасында 12 ағайындының ортасында тәрбиелеген Күмісай Сәдуақасованың өзі де көп балалы ана. Әрқашан әріптестерінің ортасында сыйлы бола білген медбикенің медицина саласындағы еңбек өтілі бірнеше жылды құрайды.

Яғни, аяулы жан 1993 жылы аудандық ауруханаға кіші буын қызметкері жұмысқа орналасады. Жылдар бойы «Жан сақтау» бөлімшесінде қызмет еткен сала маманы медбике қызметіне қызығушылық танытып, осы бағытта білім алуға ұйғарым жасайды. Міне, өзінің алдына қойған мақсатын орындау жолында ол медициналық білім алады.

Білікті маман 2018 жылы «Оңалту және паллиативтік көмек» бөлімшесінде медбике қызметін атқара бастайды. Тынымсыз еңбегінің арқасында сала маманы жаңа қызметтің қыр-сырына қанықты. Бүгінде Күмісай Сәдуақасова жаңадан ашылған «Медициналық оңалту» бөлімшесінде еңбек етуде. Жаңадан ашылған бөлімше жұмысын жандыруда сала маманы өзіндік табандылығымен танылуда.

Күмісайдың жолдасы Алтынбек те аудандық ауруханада жұмыс жасайды. Ерлі зайыптының 6 перзенттен 6 немересі бар.

05 мамыр 2025 ж. 167 0