Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты 4 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Анықталған мән-жайларға сәйкес, құқық бұзушылар Қазақстан Республикасы халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзып, Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында құрылыс жұмыстарын жасап жүрген жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Өзбекстан азаматтары тіркеу кезіндегі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмай, жұмысқа орналасуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын рұқсаттарды алмастан, заңсыз пайда табу мақсатында жұмыс жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушылар кінәларын мойындаған, олардың әрекеттері іс құжаттарымен дәлелденген.

ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сот қаулысымен құқықбұзушылар қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға әкімшілік жаза түрінде Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу қолданылды.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
18 сәуір 2025 ж. 169 0