Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Лицензиясы жоқ бола тұра, сприттік ішімдіктерді сатқан

Лицензиясы жоқ бола тұра, сприттік ішімдіктерді сатқан

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен жеке кәсіпкер А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен Сырдария ауданы, Қызылорда-Құмкөл жолының 130 шақырымында орналасқан азық-түлік дүкеніне тексеру жүргізу барысында алкоголь өнімдерін сатуға арнайы мемлекеттік лицензиясын алмай, спирттік ішімдіктерді сату мақсатында сақтағандығы анықталған.

Сотта А. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 68 810 теңге айыппұл салынып, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған 66 дана алкоголь өнімдері мемлекет пайдасына тәркіленді.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
18 сәуір 2025 ж. 213 0