Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында жадынама парақтар таратылуда

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында жадынама парақтар таратылуда

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында жадынама парақтар таратылуда

Бүгінде интернет алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, әр түрлі интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, алаяқтардың арбауына түскен алданушылар саны күн санап өсуде. Облыс көлемінде интернет-алаяқтық қылмысының артуы, тұрғындардың бұл алаяқтық қылмысының құрбаны болмаудың алдын-алу бағытында Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қала ішіндегі халық көп шоғырланған сауда орталығына барып, арнайы жадынама парақтарын тарату арқылы тұрғындарға ескерту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, және кинотеатрда, жарнамалық LED экранда арнайы бейнеролик көрсетілуде.

Құрметті облыс тұрғындары!

Полиция қызметкерлері ешқашан телефон арқылы арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекетін жүргізбейді. Сонымен қатар, банк қызметкері ешқашан сіздің картаңыздың деректемелерін сұрамайтынын, сондай-ақ телефоныңызға келетін кіру кодын айтуды талап етпейтінін есте сақтаңыз. Мұндай жағдайда телефон арқылы сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек. Ешбір жағдайда банк картаңыздың ақпаратын немесе жеке ақпаратыңызды ешкіммен бөліспеу керектігін ескертеміз.
03 ақпан 2025 ж. 205 0