Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылорда өңірінде 11 әкімнің сайлауы басталды

Қызылорда өңірінде 11 әкімнің сайлауы басталды

Бүгін Сыр елінің тұрғындары үшін әдеттегі жексенбі емес. Себебі демалыс таңы сайлау науқанымен басталды. Жергілікті жұрт жаңадан 11 әкімді сайлайды.

Атап айтқанда төмендегі кент және ауылдық округтерде сайлау процесі басталды:
▪️Қызылорда қаласындағы Қосшыңырау ауылдық округі;
▪️Арал ауданындағы Аралқұм және Бекбауыл ауылдық округтері;
▪️Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылдық округі;
▪️Сырдария ауданындағы С.Сейфуллин ауылдық округі;
▪️Шиелі ауданындағы Бәйгеқұм ауылдық округі;
▪️Жаңақорған ауданындағы Жаңақорған кенті, Аққорған, Өзгент, Екпінді, Қосүйеңкі ауылдық округтері.

Учаскелік комиссия мүшелері таңғы сағат 07.00-де жұмысын бастап, тізімге енген сайлаушыларға бюллетень беруде.

1 кент және 10 ауылдық округ бойынша 31 131 сайлаушы өз таңдауын жасай алады.

Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады.


Қызылорда облысының сайлау комитеті
Фото:Қызылорда облысының сайлау комитеті

13 сәуір 2025 ж. 303 0