Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

12 сәуір 2025 ж.

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мықты денсаулық – ұзақ өмір кепілі

Мықты денсаулық – ұзақ өмір кепілі

«Дені саудың – жаны сау» демекші, дүниежүзілік денсаулық күні адам өмірінің арашасы бола білген жандар аудан тұрғындарын қуантты. Бұл күнді әлем халқы 75 жыл бойы 7 сәуірде атап өтіп келеді. Жылдағы дәстүр бойынша аудандық аурухана ұжымы мәдениет үйінде ашық есік күнін өткізіп, халықтың алғысына бөленді.

Бұл ретте аудан тұрғындары дәрі­герлердің қабылдауында болып, ден­саулықтарын тексертті. Ашық есік күніне келген көпшілік сала мамандарына денсаулығына байланысты шағымдарын айтып, дәрігер кеңесіне жүгінді. Ақ халатты абзал жандар тұрғындардың қан қысымын өлшеп, қант диабетінің мөлшерін тексерді. Қазіргі ауа-райы­на байланысты түрлі қауіпсіздік іс-шаралары ескертіліп, аурудың алдын алу керектігін және қан қысымын жиі өлшеу маңызды екендігін мамандар айтты.

– Бүгінгі атаулы күн аудан тұр­ғында­ры үшін пайдалы өткеніне қуа­ныштымыз. Денсаулық – ол бей-жай қарайтын дүние емес. «Сақтансаң, сақтаймын» дегендей, қазіргі ауа-райына байланысты қан қысымын жиі өлшеп тұру өте маңызды. Осы қан қысымды өлшеу арқылы бірнеше аурудың алдын алуға болады. Бірқалыпты болуын бақылап, көтерілген жағдайда дәрігердің көме­гіне жүгін­геніңіз абзал. Және қант мөлшерін де күнделікті тексеріп тұру өзектілігін жоймайды. Сондықтан әрқашан да өз денсаулығыңызды бағалаңыз дер едім. Бүгінде жылдағы дәстүр бойынша «ашық есік күні» өтті. Осы ашық есік күніне қатысқан және атсалысқан әрбір жанға алғысымды білдіремін. Аудан тұрғындары ерекше қуанышты лебізін білдіріп, жақсы пікілер айтуда, – деді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жанар Жұмабаева.

Аудандық аурухана мамандары тұр­ғын­дарға саламатты өмір салтын ұстануға қатысты жан-жақты кеңес беріп, пікір алмасты. Ал жергілікті халық медицина мамандарына шынайы алғыс­тарын жеткізіп, атаулы күнмен құттықтады.

Гүлсезім ТАБЫНБАЙ
08 сәуір 2025 ж. 176 0