Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Түнгі уақыттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді

Түнгі уақыттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді

Аудан көлемінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында түнгі уақыттағы профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.

Тиісті құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен жұмыс тобы көшелер мен қоғамдық орындарға рейд жүргізіп, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыс атқарды.

Шара барысында адамдар көп жиналатын орындар, саябақтар, ойын-сауық мекемелері мен көшелер қадағаланып, қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілді. Сонымен қатар, тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Азаматтардан кез келген күдікті жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына жедел хабар беруді сұраймыз.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 наурыз 2025 ж. 238 0