Профилактикалық жұмыстар күшейтілді
Құқық қорғау органдары қызметінің басты бағыттарының бірі – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылық профилактикасы қызметін үйлестіру болып табылады.
Аталған бағытта Сырдария аудандық прокуратурасының 06.07.2024 жылғы өкімімен құрылған арнайы жұмыс тобымен аудан аумағындағы кәмелетке толмағандар арасында қылмысты болдырмау, жол қауіпсіздігін сақтау және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында апта сайын профилактикалық рейд жұмыстары жүргізілуде.
Профилактикалық шара барысында анықталған заң бұзушылықтар үшін кінәлі тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылып, 800 000 теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Рейд жұмыстарының мақсаты – әкімшілік шара көру емес, қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау, жол көлік оқиғалары мен қайғылы жағдайлардың алдын алу, қоғам үшін туындаған қауіпті жою болып табылады. Осы мақсатта жүргізушілерге жол қауіпсіздігі ережелерін үнемі сақтау маңыздылығы түсіндірілсе, қоғам үшін қауіп тудырған тұлғаларға дер кезінде тиісті шаралар қолданылды.
Мысалы, 10 шілде күні профилактикалық рейд жұмыстары аясында Шаған ауылының тұрғыны ның автокөлікті масаң күйде басқарып жүргендігі анықталып, 11 шілдеде Сырдария аудандық сотының қаулысымен кінәлі тұлға 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қоғам үшін қауіп тудырған тұлғаны жауаптылыққа тарту арқылы өзге де құқық бұзушылықтар мен қайғылы салдарлардың алды алынды.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Құқықтарыңыздың бұзылуы немесе заң бұзушылықтың куәгері болсаңыз, жедел қызметтердің телефон нөмерлеріне немесе құзырлы органдарға жүгіне алатыныңызды жеткізіп, қоғамдық тәртіпті сақтауларыңызды сұраймыз!
Сырдария аудандық прокуратурасы