Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды қастерлі де қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады" деп атап көрсетті. Сондықтан Ораза айт – ел тұрғындарын бірлік пен татулыққа біріктіретін, жүрегімізді мейірім мен жасампаздыққа жетелейтін ұлық мейрам!

Отыз күн оразасын ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған, шын ниетімен ғибадат етіп, мұқтажға қол ұшын созған мұсылман қауымы бұл мерекеде ағайын-туысқа айттап барып, көрші-көлемді құттықтап, қасиетті айдағы амалын игі іспен жалғайды. Осындай ізгі амалдар арқылы халықтың ырыс-несібесі, ынтымақ, бірлігі артады.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Әр шаңырақ шуаққа бөленіп, қуанышқа кенелсін!

Ораза айт құтты болсын!

30 наурыз 2025 ж. 314 0