Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Бейбітшілік пен тыныштықты, өзара достықты дәріптейтін қасиетті Рамазан айы мен Ораза айттың ізгі қағидаттары адал еңбек етіп, адал табыс табу мақсатымен үндеседі.

Осынау рухани мерекенің адамгершілікке бастайтын құндылықтары мен жасампаз дәстүрлері ел бірлігін нығайтуға қызмет ете бермек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті мерекенің күллі мұсылман үшін орнын: «Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады» деп атап өткен болатын.

Ежелден адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік және рухани тазалыққа шақыратын Ораза айт мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Ораза айт қабыл болсын, ағайын!

30 наурыз 2025 ж. 125 0