Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Күшейтілген режимде қызмет еткен мекемелердің өкілдері брифинг өткізді

Күшейтілген режимде қызмет еткен мекемелердің өкілдері брифинг өткізді

Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс атқарған мекемелердің қызметтері жөнінде брифинг өтті.

Спикерлер: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Исабек Досжан Болатұлы, облыстық жедел-жәрдем стансасының бас дәрігерінің орынбасары Нұрсейітова Ғалия Талғатқызы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ директоры Мұқанәлі Темірхан Талғатұлы.

И.Досжан: 170 жеке құрам, 46 бірлік техника, 1 тікұшақ, 2 қайық, 1 кинологиялық есеп күшейтілген кезекшілікте есепте болды. 52 рет оқиға орындарына шақырту түсті, оның 7-еуі техногендік сипаттағы оқиға, 7-еуі өрт, 22-сі басқа да жағдайлар (өртке жатпайтын жану оқиғасы). 13 рет авариялық-құтқару жұмысы жүргізілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою шараларының арқасында қаза болғандар мен зардап шекккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті, Жедел әрекет ету орталығы, Жедел жәрдем қызметі өзара тығыз байланыста жұмыс істеп, өңірдегі қауіпсіздікті сақтауда тиімді қызмет етті.

Қызылорда облысы ТЖД
Фото:Қызылорда облысы ТЖД

26 наурыз 2025 ж. 134 0