Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Мереке күндері облыста 68 сәби дүниеге келді

Мереке күндері облыста 68 сәби дүниеге келді

Өңірімізде жаңа жылдық мереке қарсаңында бірқатар мекеме күшейтілген режимде жұмыс істеді. Бұл күндері аймақта 68 сәби дүние есігін ашты. Одан бөлек, жедел жәрдем қызметінің 103 желісіне 6 588 шақыру түссе, 109 Бірыңғай байланыс желісіне 1 675 хабарлама тіркелген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында тиісті сала мамандары мәлімдеп, мереке күндері 24/7 режимінде жұмыс істеген мекемелердің атқарған жұмыстары жөнінде ақпаратпен бөлісті.

– Облыс бойынша барлығы 79 жедел жәрдем тобы жұмыс атқаруда. Мереке күндері 458 дәрігер кезекшілікте болса, 1 468 орта буын медицина қызметкерлері мен 369 кіші медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Қазан айынан бастап шақырулардың күрт көбеюіне байланысты және мереке күндерін ескере отырып қарбалас сағаттарына қосымша 5 жедел жәрдем тобы қосылды. Сонымен қатар, пиротехниканы дұрыс пайдаланбаған 1 науқас Арал аудандық ауруханасына жатқызылды, бүгінде ем қабылдауда,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңыл Әбубәкірова.

– 2024 жылдың 31 желтоқсан мен 2025 жылдың 4 қаңтары аралығында аймақта жедел жағдай тұрақты өтті. Департаменттің жауынгерлік есебінде 186 қызметкер, 55 бірлік техника, 2 тікұшақ пен 2 қайық және 1 кинологиялық есеп қызмет атқарды. Жалпы, құрылымдық бөлімдер тарапына 16 қоңырау түссе, 4 техногенді сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Сондай-ақ, есігі құлыпталып қалған пәтер ішінен 8 адам құтқарылды. Облыс және аудан орталықтарында орналасқан жаңа жылдық шыршаларға кезекшілік ұйымдастырылды, нәтижесінде оқыс оқиғалар тіркелген жоқ,- деді облыстық ТЖД жоспарлау және жедел басқару орталығы өрт байланысының орталық пункті бастығы Нұрболат Қиятов.

– "Жедел әрекет ету" орталығы екі функция бойынша жұмыс істейді. Оның бірі – "109 – Бірыңғай байланыс орталығы" болса, екіншісі – "112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі". Осы қызмет түрлері бойынша барлығы 64 оператор жұмыс істеді. Мереке күндері 112-қызметіне 1 451 хабарлама түссе, 109-Бірыңғай байланыс орталығына 1 675 өтінім келіп түсті,- деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Жедел әрекет ету орталығы" КММ-нің директоры Темірхан Мұқанғали.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
05 қаңтар 2025 ж. 53 0