Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік күні облыста 44 сәби дүниеге келді

Тәуелсіздік күні облыста 44 сәби дүниеге келді

Демалыс күндері өңірімізде 124 сәби дүниеге келсе, еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күні 44 сәби жарық дүние есігін ашты. Мереке күндері 109–Бірыңғай байланыс орталығына 1 226 өтінім түскен. Сондай-ақ, бұл күндері төтенше жағдайлар қызметіне 8 хабарлама тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында тиісті сала мамандары мәлімдеп, мереке күндері 24/7 режимінде жұмыс істеген мекемелердің атқарған жұмыстары жөнінде ақпаратпен бөлісті.

– Облыс бойынша барлығы 79 жедел жәрдем тобы жұмыс атқаруда. Оның ішінде ОМЖЖС-ның құрамында 50 топ, БМСК ұйымдарының жанында 29 фельдшерлік топ еңбек етіп отыр. Биыл қазан айынан бастап шақырулардың күрт көбеюіне байланысты және демалыс мереке күндерін ескере отырып қарбалас сағаттарына қосымша 5 жедел жәрдем тобы қосылды. 14-16 желтоқсан күндері 103 желісіне 5 032 шақыру түскен. Шақырулар санаттары бойынша орындалған шақырулардың 57,5 пайызы 1-3 санатты шақырулар болса, 42,5 пайызы 4 санатты шақырулар орындалған. Ал, ауруханаға апарылған науқастар саны 711 болса, оның 306-сы балалар,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Әбубәкірова.

Қызылорда облысы бойынша ТЖД жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқарды.

- Аймақ бойынша мереке күндері 169 жеке құрам, 44 негізгі және арнайы техника, 2 қайық жауынгерлік есепте болды. Бұл күндері департаменттің жеке құрамы 4 өрт, 3 өртке жатпайтын жану жағдайларына, 1 авариялық құтқару жұмыстарына шықты. Жарақат алған және қаза тапқан адамдар жоқ,- деді қалалық ТЖБ бастығы Ғабит Бабаев.

«109 – Бірыңғай байланыс орталығы» облыс тұрғындарынан келіп түскен өітінімдерді қабылдап, жауапты мекемелерге жолдайды.

- Өткен демалыс және мереке күндері тәулігіне 18 қызметкер кезекшілікте болды. Сол күндері 109 желісінен 1 226 өтінім тіркелсе, 112 қызметіне 870 хабарлама келіп түскен,- деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ директорының орынбасары Мұхтар Садыбаев.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
18 желтоқсан 2024 ж. 29 0