Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлттық киім күніне» арналған салтанатты шеру өтті

«Ұлттық киім күніне» арналған салтанатты шеру өтті

Бүгін аудан орталығында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің «Ұлттық киім күніне» орай кең көлемді салтанатты шеру ұйымдастырылды. Мерекелік шеруге аудан әкімі Берік Сәрменбаев, ардагерлер, өнерпаздар мен жастар және аудан тұрғындары қатысты. Аудан басшысы жиналған жұртшылықты «Ұлттық киім күнімен» құттықтады.

– Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамының аясында атап өтілетін Ұлттық киім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи мұрамызды жаңғыртатын ерекше күн. Ұлттық киім – халқымыздың бай мәдениетінің, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарының көрінісі. Қазақ шапаны мен камзолы, сәукелесі мен тақиясы – әрқайсысы халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін асыл қазына. Бүгін ауданымызда ұлттық киімнің мәртебесін көтеріп, оның сұлулығы мен маңызын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған салтанатты шеруге жиналып отырмыз. Осы мерекеде ата-бабаларымыздан ұлттық киімімізді насихаттап жүрген барша аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Шеруге барысында аудан тұрғындары үлкен белсенділік танытты. Олардың қатарында ақсақалдар мен әжелер, жастар мен мектеп оқушылары, өнер ұжымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды. Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров жиналған жұртшылыққа батасын беріп, Наурыз мерекесімен құттықтады.

Салтанатты шеру Орталық алаңнан бастап ауданның басты көшелерін аралап. Өнерпаздар халық әндері мен күйлерін орындап, қазақ халқының бай мәдениеті дәріптелді. Әрбір қатысушы қазақтың ұлттық киімін киіп, көпшілікке қазақтың ұлттық киімдерінің әсемдігін, алуан түрлілігін көрсетті. Әйелдер ою-өрнекпен көмкерілген кимешек пен сәукеле кисе, ер азаматтар шапан жамылып, белдеріне күміс белбеу тақты. Балалар да ұлттық нақыштағы киімдерімен көзге түсті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 наурыз 2025 ж. 124 0