Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Президент әйелдер колониясындағы ахуалға назар аударды

Президент әйелдер колониясындағы ахуалға назар аударды

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев түзету мекемелеріндегі әйелдерге қатысты заңдық ұстанымдарды қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы белгілі адвокат Айман Омарованың көтерген мәселесінің маңыздылығына тоқталды. Әйелдер колониясындағы ахуалды жіті бақылап, жүкті әйелдер мен кішкентай балалары бар әйелдердің жағдайына баса назар аудару керектігін жеткізді.

«Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің мақсаты сотталған азаматтарды жазалау емес, түзету болуы керек деген пікірмен келісемін. Ер адам немесе әйел болсын, бас бостандығынан айырылғандардың бәрі заң алдында бірдей екені түсінікті. Дегенмен адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алып, «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтай отырып, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты кейбір заңдық ұстанымдарды қайта қарауға болады деп ойлаймын. Құқық қорғау органдары мен депутаттар осы мәселені байыпты әрі жан-жақты зерттеп, шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізуі керек», деді Президент.

Фото: Н.Нұржаубай

14 наурыз 2025 ж. 276 0