Сайлау науқанына дайындық жұмыстары пысықталды

Биыл өңірде 47 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу жоспарланды. Оның 36 –сы бірінші жартыжылдыққа қойылып отыр. Жыл басынан 4 ауылдық округте сайлау өтіп, ауыл әкімдері сайланды. 16 наурыз күні қосымша 3 ауылдың әкімдері сайланады. Сәуір, маусым айларында 1 кент және 28 а/о сайлау өтеді деп жоспарланып отыр.
Аппарат жиынына ZOOM платформасы арқылы аумақтық партия филиалдарының атқарушы хатшылары қатысып, күн тәртібіне сәйкес дайындық жұмыстары бойынша хабарлама жасады.
Ұсынылатын кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық заңының барлық тармақтары мен біліктілік талаптарына сәйкес болуына қадағалау қажеттігін қатаң ескерткен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов алдағы міндеттерді атап өтті.
«Көп жұмыстар жасалып жатыр. Дегенмен алда атқаратын жұмыстар онан да көп. Ең бірінші кезекте партиямыздың халық алдында берген сайлауалды уәделерінің орындалуына жұмылу керекпіз. Партияға өтінішпен келген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету, партиялық жобаларды жүзеге асыру мен олардың нәтижесін БАҚ және әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандырып отыру керек»,-деді филиал төрағасы.
Жиын соңында жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстар ортаға саланып, хаттамаға енгізілді.