Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қорғау нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.
Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігімен, яғни қорғау нұсқамасын бұзған азамат Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот талқылауы барысында анықталғандай, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, полиция қызметкері мен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жәбірленушіні іздестіруге, баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға және денсаулығына зиян келтіретін немесе психикалық залал келтіретін әрекеттер жасауға тыйым салынған.
Алайда, азамат Н. үйіне алкогольдік масаң күйде келіп әжесіне былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамдарға сыйламаушылық білдіріп, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.
Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 82572 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
Пікір 1