Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

08 наурыз 2025 ж.

№17 газет

04 наурыз 2025 ж.

№16 Газет

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Шаруашылық құрылымдарының кездесуі өтті

Шаруашылық құрылымдарының кездесуі өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында шаруашылық құрылымдарымен облыстық деңгейде кездесу өтті.

Жиынды Сырдария аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев ашып, облыстан арнайы келген қонақтар облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевты, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының директоры Ж.Прешованы, өңірлік инвестициялық қаржыландыру орталығы директорының орынбасары И.Қуанышевті және «Даму» кәсіпкерлік даму қорының бас менеджері С.Абдуллаеваны көпшілікке таныстырып, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті.

Жиын барысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласының бірқатар мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, құрылған жұмысшы топ өкілдері ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау, субсидия беру нормативтері мен жеңілдетілген несиелер беру тетіктері бойынша толыққанды түсіндірме берді.

Сондай-ақ, егін егу науқанының дайындық барысы, ауыспалы егіс тәртібін сақтау, егісті әртараптандыру жұмыстарын жалғастыру үшін картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдерін ұлғайту, вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Шаруашылықтарға «Кең дала-2» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасының тиімділігі түсіндірілді.
Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өзге де өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарымен пікір алмасты.

09 наурыз 2025 ж. 131 0