Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік құттықтауы

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік құттықтауы

Ардақты аналар! Аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адамзат баласы ананың аялы алақанынан, мейірімді жүзінен, қамқор пейілінен тараған шуаққа жылынып келеді. Халқымыздың ең қастерлі құндылықтарын «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен байланыстыруында да терең мән бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді», – деп атап өтті.

Бүгінде сіздер отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің, аймағымыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сыр өңірінің бүгінгі қол жеткен жетістіктерінің барлығында әйелдер-аналардың, қыз-келіншектердің қолтаңбасы бар. Ардақты аналарымыздың рухынан күш, ұлағатынан тәлім алған аруларымыз экономиканың барлық саласында табысты еңбек етеді. Іскерлігімен, жауапкершілігімен қолға алған ісінің берекесін арттырып, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесін әрдайым назарда ұстап, жасампаздықтың үлгісін көрсетуде.

Алдағы уақытта да қастерлі құндылықтарымызды сақтауға, өңірді өркендетуге өлшеусіз үлес қоса береді деп сенемін.

Мерейлі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

08 наурыз 2025 ж. 185 0