Сессияда өзекті мәселелер қаралды

Сессияның күн тәртібіне 10 мәселе қойылып, жауапты сала басшылары баяндама жасады. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Динара Ибадуллаева аудандық мәслихаттың қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы, жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы жөнінде есебін берсе, халық қалаулысы Алмас Есназар білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының жыл көлемінде атқарған қызметіне тоқталды. Ал аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт «Аудандағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы және жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес санаттардағы жерлердің жайы туралы», «Сырдария ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы», «Аудандық жер комиссиясы туралы» хабарлама жасады.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, 2025 жылға Сырдария ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы мәселені көпшілікке ұсынды. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ермек Шайлан «Сырдария ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №76 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Ешниязов Сырдария ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Айбек Сәдуақасов Сырдария аудандық қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 наурыздағы №124 шешімінің күші жойылды деп тану туралы мәселені халық қалаулыларына хабарлады.
Келелі жиында аудан әкімі Берік Сәрменбаев күн тәртібінде көрсетілген бірқатар мәселеге қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғыс айтты. Сонымен қатар хабарлама жасаған басшыларға аудандық мәслихат депутаттары сауал жолдап, аудан көлемінде шешімін табуға тиісті мәселеге назар аударды. Оның ішінде елді мекендерді газдандыру, заңсыз жер иелеріне шара қолдану, әлеуметтік және инфрақұрылымдық дүниелер өз өзектілігін жоймады.
Балтабай ОРДАБЕКОВ