Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірқатар шешімге өзгеріс енді

Бірқатар шешімге өзгеріс енді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 27-сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Айта кетейік, сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді. Депутат Дархан Ералиев төрағалық еткен тұрақты комиссияда сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер алдын ала кеңінен талқыланды.

Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 27-сессиясының күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов хабарлама жасады. Бөлім басшысы «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы №69 шешіміне өзгерістер енгізу туралы айтты. Одан кейін аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Айбек Сәдуақасов «VIІІ-ші шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының шешіміне және «VIІІ-ші шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімге өзгеріс енгізу туралы хабарлама жасады. Одан кейін аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Ешниязов «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы және Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы хабарлама жасады. Сондай-ақ «Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы айтты. Күн тәртібіндегі кезекті мәселелер бойынша «Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы да айтылды. Ал аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Жадыра Ұзақбаева «Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын, бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффиценттерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №161 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасады.

Айта кетейік, кезектен тыс сессияда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ермек Шайлан №11, №12 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына Сырдария аудандық мәслихат депутаттығына сайланған Руслан Каскиев пен Гүлбану Смайлованы таныстырып өтті.

Аудандық мәслихатының кезектен тыс 27-сессиясына депутаттармен қатар аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетов, кент әкімі Ержан Бахтияров, тиісті сала басшылары, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияда депутаттардың ұсыныс-пікірі ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылданды.
А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
14 желтоқсан 2024 ж. 73 0