Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЦИФРЛАНДЫРУ – ӨМІРДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ӨМІРДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ


Технология күші. Бәсекеге қабілетті­ліктібейімдеу дағдысы, әлемхалқы мойындаған,  ықылым заманнан қалыптасқан құндылықтар көкжиегі бүгінгі күннің бастыжаңалығы. «тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі менөнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы» – деген испаниялық ұлы гуманист жазушы мигель десервантес үш дәуірдің ара-жігін ажырата білуді айтады. Ендеше, тарих бедерінен белгілі қазақ өркениетінің дамукезеңі бүгінгі күнгедейінгі аралықта санғасырлық кезеңдерден тұрады. Бұрындары ата-бабамыз алуан түрлі асылмұраттарды армандай білгенінің арқасында  ұлымақсаттарды жүзеге асыруға деген құлшынысын айқынаңғартты. Уақыт еншісіне екпіндеп кірген қазақзиялылылары мейілінше елестімеген жаңалықтар ашуғатырысты.  Дегенмен, қазіргі жаңа дәуірмол мүмкіндіктер алаңы. Жарқын болашақ кепілі. Цифрландыру үдерісіне серпін берген жобалар келешек инновациялар толқыны.
Ең алғаш Тәуелсіздік алған тұстан еліміз әлем халқына тиімділігімен орасан пайда әкелген озық тәжірибелерді игеруге батыл қадам басты. Тың,  маңызды дүниелер шоғыры қайталанбас жаңалықтардың дербес бөлшегіне айналып, жас мемлекет үшін  стимул болатындай қарқындылық лебі бір-бірімен ұштасып жатты. Таңғажайып дүниелер, технология мүмкіншілігінен туындаған тың бастамалар Цифрлы Қазақстанның алғашқы баспалдағы еді. Сонау неміс өнертапқышы Пауль Нипков  ойлап тапқан теледидар бүгінде барынша жетіліп, цифрлы сандық жүйедегі құрылғылар жер-жерде бүгінде айтарлықтай  сұранысқа ие. Ал, сол теледидарды басқаратын пультті өткен ғасырда қазақ мақтанышы Шәкен Ниязбеков ойлап тапқанын күллі жұртшылық біледі. Содан бері қарай жылдар бойына санау­лы арналар ауыл халқына қызмет етіп келгені мәлім. Бірақ, осыдан жеті жыл бұрын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісі іске қосылған болатын. Дәл осы күні ұлттық оператор қызметін пайдаланатындар қатары миллионға жуықтайды. Сапалы, әрі тиімді цифрлы стандарттағы желі үздік нәтижесімен  барлық жағдайда оңтайлы. Бүгінде әрбір тұрғын кабельді қызметті жетілдірілген форматта шетелдік және Отандық арналар тізбегін өз шаңырағында тамашалай алады.
Ширек ғасырға таяу уақытта әр аймақта, елді мекендердегі мектептерді жаппай ком­пью­терлендіру жүйесі іске асты. Кезінде бір хабарды телеграммамен жөнелтетін ауылдағы ағайын енді компьютер көмегімен жылдам ақпарат алмасуға бейімделіп, модельді стандарт ағынына ілесіп кете барды. Кеңседегі қызмет, түрлі саладағы жұмыс істеу моделі, сандық технологияға орайластырылып, кез-келген жұмыс көздерінің жеңілдетілген нұсқасы пайда болды. Ақпаратты сақтау, келесі нүктеге тасымалдау жүйесі бір жолға қойылып, уақытты тиімді пайдалану тетіктері қарастырылған. Бұл цифрлы эволюцияның қарқындылығына серпін беретіналғашқы саты екендігіне көз жеткізе аламыз. Аумалы-төкпелі сол кезеңде жаңа бас­тамшыл дәуірдің болашағы қай деңгейде өрбитініне сену қиын еді. Негізінен цифрлы бағдарламалардың анық мақсатын айқындай оты­­рып, ұлттық ақпарттық жүйе кеңістігінің тамырына қан жүгірту арқылы Қазақстандағы сандық технология бірлігін қалыптастыру заман талабы.
Биылғы Жолдауда Ел Президенті Н.Назарбаев «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасының маңыздылығын жан-жақты зерделеп, негіз­гі бағыттарын айқындап берді. Жалпы ал­ған­да, бағдарлама осы жылы «цифрлық дә­уір» өнеркәсібін қалыптыруға арналған индустрия­ландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керектігі баса айтылған. Бұл бағдарлама шеңберінде  қиырдағы ауыл-аймақты кең жо­лақты интернет желісімен қамтамасыз етіп, елімізге қажетті транзиттік мүмкіндіктерді арттыру болып табылады. Екінші жағынан қарастырғанда экономиканың түрлі салаларына цифрлы технологияны енгізу маңызды шаруаның бірі.  Мысалы қазіргі кезде қолданыста жүрген ұялы телефонда орнатылған DamuMed функциясы арқылы кез-келген тұрғын медициналық мекемеге бармастан үйде отырып, дәрігер қабылдауына жазылып, сараптама нәтижелерін біле алады. Аймақтық дәрігерлер шақыртулары мен хабарландыруларынан, диагноздық жазбаларынан бір мезетте хабардар болады.  Ал, білім саласындағы цифрлы технологияның мүм­кіндігі де жоғары. Инновациялық мектептерде әр оқушы сандық жүйеде еркін білім алып, ата-аналар электронды күнделіктер көмегімен балаларының сабақ үлгірімін бақылай алады.
Сонымен қатар, электронды журналдарға көшу педагогтарға қағазбастылық қағи­датын күйретуге септігін тигізеді. Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру ар­қылы еңбек бөлінісін тең дәрежеде  ық­пал­ды ету көзделген. Ауыр техникаларды адам күшімен еңсерудің орнына сандық үлгідегі құрылғылар бірнеше есе күш-қуатты үнемдейді және сапалы өнімге жол ашады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолға алудағы мақсат – ғаламдық жаһандану үдерісіне ілесу  арқылы жаңа дәуірге аяқ басу болып табылады. Біз маңызды кешенді енді талқылап жатқанда экономикалық әлеуеті зор әлем державалары бұрындары іске асырып қойған. Тек бүгінде олар қабылданған жобаларды жетілдіру үстінде. Ақылды гаджеттер мен смартфондар қоғам өмірене еніп, адамдардың екінші тынысына айналды. Қазіргі таңда адамға  қажетті керек дүниенің барлығы содан табылады. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен елімізге келетін телефондар функциясы сан алуан. Демек, тауарды шығарар тұста бәсекеге қабілеттілікті өндірушілер жоғары бағалайды. Жоғарыда аталған барлық технология әлемін меңгеруге салалар бойынша жеңіл жүйені үйретуге дағдыланған ІТ мамандар шоғыры оқытылып, технологиялардың біз білмейтін қырлары сан салада көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
Жоба артықшылығы мен болашағына тоқталар болсақ мынадай көрсеткіштерге ие боламыз. Ел үкіметі аталмыш жобаны дайындау процесінде ғаламдық талаптарды басты орынға қояды. Демек, өміршеңдігімен ерекшеленетін жоба Жолдауда айтылған салалар бойынша басымдықтарға айрықша ие. Келешегі кемелденген дүниелер бірте-бірте іске аса бастағанда жаңа дәуір болашағы бұлыңғыр болмасы хақ. Осыдан бірнеше жыл бұрын сәтті басталған «eGov» жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметінің қызметтері әлеуметтік салаға серпін береді. Құжаттар тізбегіне, жеке бас тұлғасын растайтын анықтамаларға ғаламтор көмегімен барша жұртшылық әп-сәтте қол жеткізе алуы жетістік. Бұдан бөлек халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары ұялы телефон арқылы бір реттік құпия сөз арқылы қызметтерді де ұсына алады. Шартарапқа дәлелденген цифрлы технология жетістігі ақылды қалалар ауқымын кеңейтіп ондағы халық кәдімгі техника тілімен басқарылатын  жайлы құрылғыларды басқара алады. Келешек адамдар жасайтын бар жұмысты роботтар атқаратындығына да қоғамдағы жаңалықтар қарқыны көзімізді жеткізіп келеді.
Ендеше, агроөнеркәсіп кешенінен бастап мыңдаған мамандық «Цифрлы Қазақстан» жобасынан қайта қанаттанып, әлемдік державалар қатарына қосылуға Қазақ елі де ынталы. Экономикалық, әлеуметтік, ауыл шаруашылығы тағыда басқа салалық қызметтер цифрландырудың нақты нысанасына айналып, бағдарлы жоба негізінде әрбір азамат жаңа өмірге икемделеді. Ендігі жерде сатылы түрде салаларға сандық технологияларды енгізу уақыт талабы.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

12 маусым 2018 ж. 2 002 0