Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 9 газет

04 ақпан 2025 ж.

№ 8 газет

01 ақпан 2025 ж.

№ 7 газет

28 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » Ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады

Ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады

Сыр өңірінде «Дүниежүзілік сайлау күні» аясында сан түрлі іс-шара өткізілуде. Бұл ретте, сырдариялықтар ұлттық спорт түрі – асық ату мен бес асықтан жарысқа түсіп, өзара жеңімпаздарды анықтады. Сырдария аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткізілген жарыста 7 ерлер және 5 әйелдер командасы бақ сынады.

Жарыстың ашылу салтанатын­да мемлекеттік қызметтің майтал­­ман маманы, сала ардагері Балшекер Өтегенова мен сайлау комиссясының мүшесі Мақсұт Қаратаев, аудандық сайлау комис­сиясының төрағасы Ермек Шайлан сөз сөйледі.

– Еліміз бойынша көптеген саяси науқанның бел ортасынан табылатын сайлау комиссияларындағы мамандардың қызметтегі жауап­кершілігі зор. Сайлау кезінде сапалы әрі ұтымды құжат айналымын жүзеге асыратын Сіздерге айтар алғысымыз шексіз! Әрбір ауылда сенім артқан мамандар орасан зор жетістікке қол жеткізуде. Елдік мүддені жоғары қойып, аудан мерейін көтере білетін азаматтармен мақтана аламыз. Бүгін сала мамандары ұйымшылдық үлгісін көрсетіп, ұлттық сорт түрлерінен бақ сынауға келіп отыр, – деді Балшекер Сұлтанбекқызы.

Аудандық спорт клубында өткен жарыс барысында асық атудан №165 учаскелік сайлау комиссиясы І орынды, №159, 160, 169 учаскелік сайлау комиссиясы ІІ орынды, №156, 168 учаскелік сайлау комиссиясы ІІІ орынды иеленді. Ал бес асықтан І орынды №164 учас­келік сайлау комиссиясы, ІІ орынды №3 округтік сайлау комиссиясы, №159, 160 учаскелік сайлау комиссиясы, ІІІ орынды шіркейлілік №166 учаскелік сайлау комиссиясы еншіледі.

Жеңімпаз және жүлдегер командаларды құрметті меймандар құттықтап, диплом мен қаржылай сыйлық табыстады.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
04 ақпан 2025 ж. 53 0