Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаушылармен кездесу өткізілді

Сайлаушылармен кездесу өткізілді

«Дүниежүзілік сайлау күнін» осыдан 17 жыл бұрын Еуропа елдері сайлауды ұйымдас­тырушылары ассоциациясының бастамасы бо­йынша халықаралық қа­уымдастық белгіледі. Жақ­ында атаулы күн қар­саңында аудандық сайлау комиссиясы жас сайлаушылар және бір­қатар азаматтармен кездесу өткізді.

Ең алдымен, сала мамандары №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-ли­цей­де жас сайлаушылармен «Менің сай­лау­дағы жеңісім» тақырыбында пікір алмас­ты. Аудандық сайлау ко­мис­сиясының төрайымы Б.Өтегенова жас сайлаушыларға сайлаудың мәнін, сайлау жүйесінің қа­лып­­тасу тарихын, негізгі қағидаттарын айт­­ты. Және де сайлаушылардың құқық­тары жөнінде түсініктеме берді. Сол негізде жас сайлаушылар сайлау барысында атқары­ла­тын жұмыстарға қанықты.

Ал аудандық сайлау комиссиясын­да жал­ғасын тапқан кездесуде Тереңөзек кенті бойынша көп жылдар бойы учас­келік сай­лау коммиссиясының төрағалары, хатшылары мен мүшелері болған азаматтар өз ойларын ортаға салды. Яғни ардагерлер С.Сәдуақасов, Ж.Айсин, А.Нұр­таева, С.Сүлейменов, А.Сапарова, А.Әб­іл­да­е­ва өздерінің сайлау барысында жинақ­таған тәжірибелерімен бөлісті. Сайлау науқан­да­рында қолданылған арнайы технология­­лар жайлы баяндап берді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
08 ақпан 2022 ж. 247 0