Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында бейнекамералардың көмегімен биыл 126 қылмыстың беті ашылды

Қызылорда облысында бейнекамералардың көмегімен биыл 126 қылмыстың беті ашылды

Қызылорда облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен жыл басынан бері 126 қылмыс ашылды. 102 мобильді қосымшасына 25 хабарлама келіп түсіп, олардың барлығына тиісті қызмет көрсетілді.

«Бейнебақылаушылар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарды. Биыл бейнебақылау камераларымен 44 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 36 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылаушы инспекторлар 3 мыңнан астам ұсақ бұзақылық дерегін, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 2 мыңнан астам дерегін, қоғамдық орындарда тиісудің 300 фактісін тіркеді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында «Қарасора-2024» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы барысында 207 есірткі құқық бұзушылығы анықталды.


17 қараша 2024 ж. 83 0