Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылорда облысында төтенше жағдай талабын бұзған 289 адам анықталды

Қызылорда облысында төтенше жағдай талабын бұзған 289 адам анықталды

Қызылорда облысында төтенше жағдай талабын бұзған 289 адам анықталды.

Облыстық полиция департаменті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бағытында жедел іс-шаралар жүргізіп келеді. Өңірде 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай режимі жарияланып, оған қатысты негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді.

Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 289 адам анықталды. Оның ішінде Әкімшілік кодекстің 476-бабымен - 215, 488-бабымен - 74 құқық бұзушылық тіркелді. Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік соты 7азаматқа ескерту беріліп, 28-не айыппұл салынса,186-сы әкімшілік қамауға алынды. «Өткізіліп жатқан іс-шаралардың басты мақсаты - қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ түрлі құқыққа қарсы іс-әрекеттерге жедел назар аудару. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда», - деді Қызылорда облысының коменданты, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.
14 қаңтар 2022 ж. 432 0