Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Трендке айналған жүзімді Денсаулық сақтау министрлігі зертханаға тексеруге жіберді

Трендке айналған жүзімді Денсаулық сақтау министрлігі зертханаға тексеруге жіберді

Дубай шоколадын шаң қаптырған "шайн мускаттың" бағасы да қымбат, – деп жазады Aikyn.kz

Алғаш рет Жапонияда өндірілген ерекше жеміс түрі аз уақытта Оңтүстік Кореяны жаулап, артынша жарнамасы желдей есіп, бүкіл әлемге тарады.

Әлеуметтік желіде кеңінен таралған Shine muscat жүзімі Астанадағы базарларда самсап тұр. Бір қарағанда пішіні өте үлкен, кәдімгі жүзімдерден екі-үш есе үлкен екен.

"Бұның сатылымға шыққанына бір аптадай болды. Сегіз мыңнан болды, яғни бір қапшығы, келісі. Қазір бес мың теңгеден болып жатыр. Сатып алмас бұрын, Астана қаласында көтерме базардан тексеріп, асықпай, өзім дәмін көрдім, зертханадан шыққан қағазын тексердік", – дейді сатушы Арман Артықбаев.

Өткен айда Таиланд зертханаларында Shine muscat жүзімінің 24 сынамасы тексеріліп, оның 23-інде улы химиялық қалдықтар табылған. Мұны білген Тай билігі өре түрегеліп, зиянды өнімнің сатылымына тыйым салды. Ал Қазақстанға сол Корей елінен де, көршілес Қытайдан да жүзімдер жәшік-жәшігімен еркін тасымалданып жатыр. Жауапты ведомство енді ғана сөрелерде төрден орын алған жемісті тексеруді бастағанын жеткізді.

"Министрлік комитетінің аймақтық департаменттері бақылауға сатып алу мақсатында осы жүзімді сатып алып, қазір сараптауға, зертханаға жолдады. Қазір сатылымнан алынған өнімдер тексеріліп жатыр. Микотоксиндер, токсинді элементтер, пестицидтер және де т.б. қауіпсіздік талап бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Shine muscat жүзіміне қатысты улану фактіcі әзірге тіркелген жоқ және де тұтынушы тарапынан арыз-шағым түспеді", – дейді ДСМ Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің бас сарапшысы Данагаүл Қасқатаева.

Дегенмен нутрициолог мамандар жүзімнің осы түрін тұтынбас бұрын, оны мұқият ас содасымен жуып алуға кеңес береді. Сондай-ақ, сатушылардан тауардың қауіпсіздік сертификатын сұрау керек екенін айтады.

"Басқа жүзімдермен салыстырған кезде қант деңгейі жоғарырақ. Оны тасымалдау, сақтау үшін, оны өсіру кезінде қолданылатын химиялық қоспалар, яғни пестицидтер мөлшері жоғары болуы мүмкін. Яғни орталық жүйке жүйесіне, ас қорыту жүйесіне кері әсерін, қауіпті әсерін тигізеді. Қант диабеті бар адамдарға өте зиян. Ал пестицидтер барлық адамға зиян. Әсіресе осал топ, ол бізде балалар мен қарт адамдар", – дейді Астана медициналық университеті профилактикалық медицина ғылыми зерттеу институтының оқытушысы Қарлығаш Сүйіндік.
17 қараша 2024 ж. 75 0