Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вирус туралы не білеміз?

Вирус туралы не білеміз?

2019-nCoV вирусы – осыған дейін адамдар арасында таралмаған коронавирустер тобының бір түрі. Коронавирус – вирустар тобына 38 түрлі вирус кіреді. Осыған дейін олардың тек 6-ы (жаңа вирусты қосқанда 7-і) адамдар арасында тараған. Мамандардың айтуынша, осыған дейін вирус жануардан адамға жұқса, бүгінде адамнан адамға жұғатын болған.
Ауру белгілері: жоғары температура, құрғақ жөтел, тыныс алу қиындайды.
Дәрігерлер жануарлардан алшақ болуға, шикі піскен ет пен жұмыртқаны тұтынбауға, тұмау белгілері бар адамдардан алшақ болуға кеңес береді. Вирус толыққанды зерттелмеген. Ол туралы ақпарат аз. Бір анығы – ол адамдарға жан­уарлардан берілген.
Коронавирустың тағы бір түрі 2002 жылы 774 адамның өмірін әкеткен. Ол кездегі вирус SARS деп аталған. Жаңа таралған 2019-nCoV вирусының ДНК анализі сол вирусқа жақын екендігі анықталған. Ол кезде Азия елдерінде 8098 адам осы дертке шалдыққан.
Қалай таралды?
Вирус алдымен Қытайдың Ухан қала­сындағы көтерме базарда тіркелген. Коронавирусты тасымалдаушылар қа­та­рында осы базарда сатылған ет өнім­дері болған. Мәселен, онда ақ киттің, тауықтың, жарқанаттың, қоян мен жылан­ның еті сатылған. Вирус осы тір­шілік иелерінің бірінен таралған болуы мүмкін. Вирустың әлемге таралу себебі, біріншіден, ай күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылы келіп, әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған қытайлық өз туыстарына қонаққа барған. Жолаушылардың ары-бері қатынауы әсерінен ел басшылығы вирустың таралуын тоқтата алмауы мүмкін деген қауіп те бар.
Ухан – Қытайдың траснпорттық орталықтарының бірі. Сондықтан мұнда келетін жолаушылар саны өте көп. Бірнеше ай бұрын жергілікті билік әуежай, теміржол және автовокзалдар да жолаушылардың дене температурасын өлшейтін құралдар орнатты. Температурасы жоғары адамдарды бірден ауруханаға жібереді. Алайда қызу түсіретін таблеткаларды ішіп, елден шығып кеткендер де болған. Ауруға шалдыққандар арасында бірнеше медицина қызметкерлері де бар. Олар осы вирус пен келген адамды қабылдаған.
Қауіпсіздік шаралары
Қытай билігі қазір вирустың таралып кетпеуін қамтамасыз етіп жатыр. Осы мақсатта Хубэй провинциясындағы 18 қа­ла карантинге жабылды. Ол қалаларда барлығы – 56 миллион адам тұрады.
Әлемнің барлық елі (оның ішінде – Қазақстанда) әуежайларына тепловизер орнатты. Онда әсіресе Қытайдан келген адамдар жіті тексеріліп жатыр, бүгінде екі ел арасындағы қатынас тоқтаған.
Уханда шұғыл түрде осы вирус-пен күресуге арналған арнайы аурухана құрылысы басталған болатын. Жос- пар бойынша ақпан айында қолданысқа берілді. Қытайда және оған кіретін елдерде туристік орталықтар уақытша жабылуда. Олардың қатарында Шанхай мен Гонконгтегі Диснейленд те бар. Қытайда, Оңтүстік Кореяда және АҚШ-та вирусқа қарсы вакцина жасау жұмыстары басталды. Алайда вакцинаның қай уақытта да-йын болатыны әзірге белгісіз.
Ескерту!
Егер қызуыңыз көтеріліп, құрғақ жөтелсеңіз, тыныс алуыңыз қиындап,кеуде тұсыңыз ауырса, дереу маска киіп, 103-ке хабарласыңыз. Вирусқа қатысты қосымша ақпарат алу үшін 1406 нөміріне хабарласуға болады.
2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда белгісіз коронавирустың таралуынан кейін ел билігі Хубэй провинциясындағы бірнеше қаланы жапты. Бірінші болып вирус тараған 11 миллионнан астам тұрғыны бар Ухан қаласы жабылды.
Бүгінде қауіпті вирус басқа елдерге де жеткен. Олардың қатарында Тайланд, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, АҚШ, Сингапур, Вьетнам, Италия, Германия, Франция және Аустралия секілді мемлекет бар.
Вирус туралы жалған ақпараттар да таралуда. Әлеуметтік желілер мен Whatsapp арқылы «Вирус Қазақстанға жетті, Алматыда бір адам ауырып жатыр» деген ақпарат тарады. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттың жалған екенін ескертті.
Кеше Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының Қазақстанға кіру ықтималдығына қатысты ғалымдар болжамымен бөлісті. Оның айтуынша наурыз айының 11-16 аралығында Қазақстанда коронавирус тіркелуі мүмкін.
– Бірақ бұл тек болжам ғана. Коронавирус бізде пайда болған жағдайда біз бірден арнайы шараларды қолға аламыз, – деді ол.
Сондай-ақ бас санитарлық дәрігер коронавирус індеті кең таралған ел азаматтарына Қазақстанға кіруге мүлдем тыйым салынғанын айтты.
– Бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия сияқты елдерден келушілерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Себебі бұл елдер бірінші санаттағы «А» тобына жатады. «В» тобының бірінші санатындағы елдерге – Германия, Испания, Франция. Бұл елдерге қатысты талап 12 наурызда 00:00-ден бастап күшіне енеді, – деді Ж.Бекшин. Оның айтуынша, шекара қызметі келушілердің үшінші елдер арқылы өтуін қада­ға­лайтын болады. Сонымен қатар Швейцария, Ұлыбритания және Нидерландыдан келген адамдар тұрғылықты жері бойынша оқшаулануы керек.

Майя ҚОЖАБАЙ

11 наурыз 2020 ж. 1 096 0