Іңкәрдария ауылының 60 жылдық мерейтойына тарту

Мерейтойға ауыл кәсіпкерлері демеушілік жасап, газ құю бекеті мен ойын алаңын салып берді. Іс-шараның басында аудан басшысы меймандармен бірге нысандардың жұмысымен танысты.
Аудан әкімі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев елді мекендерді дамыту, оның ішінде кәсіпкерлік саласын өркендетуге ерекше мән беріп келе жатқанын атап, ауыл кәсіпкерлеріне ризашылығын жеткізді.
Елді мекен кіреберісінде орналасқан газ құю бекеті мен ойын алаңын жеке кәсіпкер Мейрамбек Уәлиұлы салып берді. Бүгінде ауыл халқы мен жастар игілігін көруде.
Ауыл ардагерлері жаңа нысандардың ел игілігіне берілгеніне ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.