Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін



Қытайда жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев айтты, деп хабарлады sputniknews.kz тілшісі.

“Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі естеріңізде шығар. Консулдық қызметтің, елшіліктің көмегімен бүгінгі күні Қазақстан азаматы Тұрлыбайдың ісі қайта қаралып, жоғары инстанцияға апелляция беріліп, Қытайдың сот органдарымен келіссөздер жүргізілді. Біз аталған іс оң шешім табады деген ойдамыз. Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үміт бар”, — деді Мадиев.
Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай осыдан үш жыл бұрын Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Әлдебір таныстарының өтінішімен Малайзияға тауар жеткізуге кеткен қыздың сөмкесінен есірткі шыққан. Кейін қазақстандық бойжеткен есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
14 желтоқсан 2017 ж. 2 224 0