Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстаздықты патриоттық тәрбиемен ұштастырған азамат

Ұстаздықты патриоттық тәрбиемен ұштастырған азамат

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетін сіңіру, Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мен жігері мықты ұл-қыз тәрбиелеу Алғашқы әскери және технологиялық пәннің оқытушы-ұйымдастырушысына жүктелген міндет. Бұл абыройлы да жауап­ты қызметті 35 жылдан бері Ә.Жәмішов атындағы №129 мектеп-лицейдің мұғалімі Асан Пірназаров мінсіз атқарып келеді.

Мектеп қабырғасындағы жоғарғы сынып оқушы­ларына әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру, әскер қатарына сауатты, жан-жақты дайын азамат тәрбиелеу арнаулы пән оқытушысының міндеті. Педагог-сарапшы санатындағы оқытушының айтуын­ша, бұл жауапты қызметті ұстаз ретінде терең сезінеді. Сондықтан әрдайым ізденіс үстінде жүру, жаңа­шылдыққа бет бұру – педагогтің бағыт-бағдары.

Асан Пірназаров – ауыл балаларын алғашқы әскери қызметке даярлаумен қатар қоғамдық жұмыстың бел ортасында жүрген азамат. Оны қызметі мен қоғамды байланыстыратын осыдан 2 жыл бұрын рес­публикада құрылған «Германиядағы Кеңес әскери тобы, Варшава келісімшарт әскери тобы» қоғамдық бірлестігі. Қоғамдық бірлестіктің облыстағы филиа­лы құрылғандықтан, аудандық «ГКӘТ, ВКШӘТ» ардагерлері қоғамдық бірлестігі филиалының директоры ретінде Асан Оспанұлы тағайындалған. Бұл бірлестіктің құрамына кезінде Германия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Моңғолия мемлекеттерінде әскери борышын өтеген азаматтар мүшелікке кірген. Ауданда 40-қа жуық мүшесі бар қоғамдық бірлестіктің алдына қойған мақсат-міндеті де ауқымды. Негізгісі – жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызмет етуге дайындау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне деген құрметті арттыру. Сонымен қатар әскерге деген көзқарасты қалыптастыру, жастардың қорғанысқа тұрақты дайындығын нығайту.

– Ауданда «ГКӘТ, ВКШӘТ» ардагерлері қоғамдық бірлестігінің құрылғанына бір жылдай уақыт болды. Респуб­ликада алғаш құрылғанда оның бас директоры ретінде Бақыт Тастанов бекітілді. Облыста Алтынсары Шуренов басқарады. Бірлестіктің міндеті, бағыт-бағдары айқын. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментпен, білім басқармасымен үш жақты мемо­рандумға қол қойылды. Жыл бойы өтетін іс-шара жоспары бекітілді. Біздің мақсатымыз – Отан қорғауға атсалы­сатын нағыз ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу, Қарулы Күштер қатарында қызмет ету нағыз азаматтық екенін ұғындыру, мақтаныш сезімін қалыптастыру. Дегенмен, әскери ар-намыс пен абырой секілді ұғым соңғы кездері әскерге шақырылатындар алдында өз маңызын жоғалтып бара жатқан сияқты. Сондықтан біздің алдымызда жауапты міндет бар екенін білеміз, – дейді қызметін қоғаммен ұштастырған азамат.

Асан Оспанұлы – Шіркейлі ауылының тумасы. 1981-1983 жылдар аралығында Германиядағы Кеңес әскері тобында әскери борышын өтеген. Ауылда күрішші-механизатор болып еңбек жолын бастаған азамат Қарағанды қаласындағы денешынықтыру техникумын бітірген соң туған ауылына оралып, мектепте денешынықтыру пәнінен сабақ берді. Мамандығы бойынша жоғары білім алу мақсатында Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде денешынықтыру және спорт менеджері мамандығы бойынша оқыды. 1989 жылдан бері алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі ретінде бүгінге дейін үздіксіз еңбек етіп келеді. Ұзақ жылғы абыройлы қызметінің арқасында шәкірттерінің бірнешеуі әскери оқу орындарын бітірді. Әділ Қозбағаров Ресейдің Пермь қаласында Әуе қорғаныс күштері әскери оқу орнын бітіріп, сынақшы-ұшқыш мамандығын алған. Ол қазір Қорғаныс ми­нистрлі­гінде подполковник шенінде жауапты қызмет атқарады. Үш оқушысы Дархан Ақылбеков, Нұрымжан Әсіров, Талғат Байсейітов Көкшетаудағы Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусында оқыды. Ұстаз абы­ройын асырған шәкірттері ұстаздың ғана емес, ауылдың мақтаныштары.

Әскери жетекші өзі еңбек ететін мектеп-лицейде 10-11 сынып оқушыларына алғашқы әскери және технологиялық пәнді меңгертуде алдына жан салмайды. Арнайы оқу-құралдарымен қамтамасыз етілген пән кабинетінде аптасына төрт сағат әскерге, яғни атыс, тактика, дене дайындығына баулиды. Бүгінде шәкірттері облыстық байқауларда топ жарып, атыс қаруын жинау, бөлшектеу секілді жарыста үздік деп танылған.


– Мектеп-лицейде ұстаз ретінде еңбек етсем, қоғамдық жұмысты да қатар алып келемін. Осы күні респуб­лика бойынша 7 мыңға жуық, облыс­та 650-ге тарта ардагері бар қоғамдық бірлестігі еліміз­дегі ең беделді ұйымдардың қатарында. Биылғы жыл­дың өзінде облыс көлемінде ауқымды іс-шара ұйым­дастырған ардагерлер ауданда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша «Жас мерген – 2024» облыстық сайыс өткізді. Жыл сайын ұйым­дастырылатын жарыс 7 әскери спорт түрінен өте­ді. Қатысушылардың арасында шәкірттерім жүлделі орын алды. Былтырғы жылы ауданда «Мерген ару – 2023» қыздар арасында сайыс өтті. 17 мектептен қатысқан мерген қыздардың арасында шәкірттерім озып шықты. Жалпы оқушылардың алғашқы әскери және технологиялық пәнге деген қызығушылығы өте жоғары. Оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. Құрал-жабдықтарымыз жарамсыз болудың алдында тұрғанымен, барын пайдаланып, үйретудеміз, – дейді Асан Пірназаров.

Әскери патриоттық тәрбие берудің үлгісін көрсетіп жүрген қоғамдық бірлестік мүшелері ел басына күн туған шақта көмек қолын созуға асыққан. Су тас­қынынан зардап шеккен отандастарға бірауыздан қаржылай көмек көрсеткен. Мұндай қайырымдылық іс-шараларға ардагерлердің атсылысуы көпке үлгі болары сөзсіз.

Бүгінде ардақты азамат саналы өмірін ұстаздыққа арнап, енді аз уақытта ардагерлікке абыроймен қадам басады. Ұлағатты ұстаз Асан Оспанұлы жұбайы Фаридамен 40 жыл отасып, 4 перзент өсірді. Ұлы Ержан әке жолын қуып, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдігіне оқыды. Қыздары Динара, Назира, Асылзат та педагог. 13 немеренің қазынасына айналған ерлі-зайыптылар ауылдың ардақтысы, үлгілі отбасы қатарында.

Жас ұрпаққа білім беруде абыройға кенелген азамат алдағы уақытта қоғамдық жұмысын жандандырып, ауқымын кеңейте түсуге қызмет ете бермек.

Бибісара ЖАНӘЛІ
05 қараша 2024 ж. 731 5

Прназаров Сабиржан от 5 қараша 2024 18:46
Бұл кісі менің ағам,менің ұстазым, бізге талай сабақ берді әскери дайындау пәнінен, сабақты да жақсы түсіндіре біледі, тәртіп жағынан өте жақсы, Асан аға сізге зор денсаулық мол байлық,қажымас қайрат тілеймін,жұмысыңызға сәттілік тілеймін
ГСВГ жасай берсын!!!!!!

Прназаров Сабиржан от 5 қараша 2024 18:47
Бұл кісі менің ағам,менің ұстазым, бізге талай сабақ берді әскери дайындау пәнінен, сабақты да жақсы түсіндіре біледі, тәртіп жағынан өте жақсы, Асан аға сізге зор денсаулық мол байлық,қажымас қайрат тілеймін,жұмысыңызға сәттілік тілеймін
ГСВГ жасай берсын!!!! 

Прназаров Сабиржан от 5 қараша 2024 18:48
Бұл кісі менің ағам,менің ұстазым, бізге талай сабақ берді әскери дайындау пәнінен, сабақты да жақсы түсіндіре біледі, тәртіп жағынан өте жақсы, Асан аға сізге зор денсаулық мол байлық,қажымас қайрат тілеймін,жұмысыңызға сәттілік тілеймін

ГСВГ ЖАСАСЫН

Прназаров Сабиржан от 5 қараша 2024 18:49
Бұл кісі менің ағам,менің ұстазым, бізге талай сабақ берді әскери дайындау пәнінен, сабақты да жақсы түсіндіре біледі, тәртіп жағынан өте жақсы, Асан аға сізге зор денсаулық мол байлық,қажымас қайрат тілеймін,жұмысыңызға сәттілік тілеймін
ГСВГ ЖАСАСЫН

Прназаров Сабиржан от 5 қараша 2024 18:50
Бұл кісі менің ағам,менің ұстазым, бізге талай сабақ берді әскери дайындау пәнінен, сабақты да жақсы түсіндіре біледі, тәртіп жағынан өте жақсы, Асан аға сізге зор денсаулық мол байлық,қажымас қайрат тілеймін,жұмысыңызға сәттілік тілеймін
ГСВГ ЖАСАСЫН